Әкесінен қорлық көрген қыз қивн тағдврын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz. Адвокат Ләззат Рақ...
Қазақстанның 18 университеті әлемдік рейтингке енді: Тоқаев жаңа мақсатты атады
ЖИ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші академиялық орталыққа айналдыру стратегиялық мақсат екенін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Президент еліміздің жоғары білім мен ғылым саласында бірқатар жетістікке қол жеткізгенін атап өтті. Атап айтқанда, биыл Қазақстанның 18 университеті QS World University Rankings тізіміне енсе, тағы 10 жоғары оқу орны 2027 жылғы Times Higher Education рейтингіне қосылған.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан 2026 жылғы Жаһандық инновация индексінде аймақ елдері арасында көш бастап тұр.
«Алайда жаһандық бәсекелестік қызған кезеңде бізге арқаны кеңге салуға болмайды. Қазақстан жоғары білімнің, ғылымның және халықаралық академиялық ынтымақтастықтың өңірлік орталығы ретіндегі позициясын дәйекті түрде нығайтуды көздейді», – деді Тоқаев.
Президент Қазақстанның әлемдік білім нарығында өз орнын қалыптастыруы қажет екенін айтты.
«Біздің стратегиялық мақсатымыз – елімізді Орталық Азиядағы академиялық хабқа айналдыру, жаһандық білім нарығының, әсіресе, өзекті әрі сапалы білім нарығының бір бөлігі болу», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым мен білім саласында көзбояушылық пен формализмге жол беруге болмайтынын ескертті.
«Ғылым мен білімде жаттандылыққа, формализмге жол беруге, сайып келгенде, өзіңді алдауға болмайды», – деп түйіндеді Президент.