Стамбул қаласында қоқыс жәшігінен бөлшектелген 37 жастағы Өзбекстан азаматы Дурдона Хакимованың...
Қапшағайда қыз бен жігіт қайғылы жағдайда көз жұмды
Фото: Pixabay
Алматы облысы Қапшағай су қоймасында екі адам суға батып кетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
ТЖМ мәліметінше, 1 шілдеде «112» пультіне Қонаев қаласының «Жаса» демалыс аймағы ауданында, шомылуға жабдықталмаған жерде екі жас адамның суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.
Құтқарушылар келгенге дейін демалушылар жағадан шамамен 30 метр қашықтықта су ішінде болған 2006 жылғы бойжеткеннің денесін шығарған. Екінші жоғалған адамды іздестіру үшін Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының күштері жұмылдырылған.
Іздестіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. 2 шілде күні таңертең құтқарушылар Қапшағай су қоймасының жағалау сызығынан 2004 жылы туған ер адамның денесін тапты. Ол алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқан бойжеткенмен бірге болған, - деп хабарлады министрліктен.
ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау міндетті екенін ескертті.