Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам көз жұмды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1603

Абай облысында Toyota Avensis жеңіл автокөлігі мен Howa жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жол-көлік оқиғасы 2 қараша сағат 05:45 шамасында Омбы – Майқапшағай автожолының 615/706-шақырымында болған. Оның салдарынан Toyota Avensis автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу") сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта тиісті сот сараптамалары тағайындалып, тергеу амалдарының кешені жүргізіліп жатыр. Полиция өкілдері оның нәтижесі бойынша іс бойынша процессуалдық шешім қабылданатынын айтты.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерінің өзге мәліметтері жарияланбады.

Бүгін Семейдегі Әлихан Бөкейхан университетінің басшылығы жол апатынан үш студенті бірдей қаза тапқанын мәлімдеді.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан университет өрендері – Заң факультетінің студенттері Тұрарбеков Нұрмағамбет Бауыржанұлы, Оңдабай Рефхат Серікжанұлы мен Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің студенті Абдималиков Рустамбек Нурмуродұлының ата-аналары мен туған туыстарына, жақындары мен дос-жарандарына қайғырып көңіл айтамыз", - делінген университеттің Facebook желісінде жариялаған жазбасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...