Қызылорда облысында бойжеткен әкесін өзі сотқа берді

Фото: zakon.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
827

Қызылорда облысында бойжеткен үйдегі заттарды қиратып, отбасының мазасын қашырған әкесін сотқа берді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша азамат У.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған.

«Азамат У. жәбірленуші Қ.-ға былапыт сөздер айтып, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіріп, отбасын сыйламайтынын көрсеткен», - деп жазылған хабарламада.

Сот отырысында отағасы кінәсін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап, татуласқанын айтып, істі тоқтатуды сұраған. Жәбірленуші Қ. жазбаша арызында әкесіне кешірім беретінін атап өткен.

«Сот қаулысымен У. тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды», - деп жазылған сот хабарламасында.

Сонымен қатар оған үш ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiленді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал актер Азамат Сатыбалды Президенттің жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте қаңтар айында қатыгездікпен өлтірілген Нұрай Серікбайдың ісіне байланысты қалалық полиция...