Қарағандыда ауруханадағы балаларға арналған тағамнан қара қоңыз табылды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
128

Қарағанды жұқпалы аурулар ауруханасында балаларға арналған тағамнан жәндік табылғаннан кейін жоспардан тыс тексеріс басталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Оқиға балалардың жұқпалы аурулар бөлімшесінде болған. Кішкентай науқастар палау мен тауық еті салынған контейнерден қара қоңыздарды байқап, тағамнан бас тартқан.

Ата-аналар әкімшіліктен түсініктеме талап етіп, қызметкерлерге жәндіктері бар палауды өздері татып көруді ұсынған. Олардың айтуынша, ауруханада үйден әкелінетін тағамға қатаң талап қойылады, ал енді көпшілігі аурухана асынан да қауіптене бастаған.

Дәрігерлердің түсіндіруінше, аурухананың өз ас блогы жоқ, тағамды мамандандырылған компания жеткізеді. Сол күні жеткізілген бүкіл партия толықтай ауыстырылған.

«Аталған жағдай аурухана әкімшілігіне белгілі. Ақпарат түскен бойда жедел түрде қажетті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, жеткізуші өкілі шұғыл түрде шақырылып, тексеріс жүргізілді, тағамның бүкіл партиясы толық ауыстырылды. Қосымша тексеру жүргізу және тиісті шаралар қабылдау үшін ақпарат жауапты қызметтерге жолданды», – деді облыстық клиникалық аурухананың емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары Люция Гомель. 

PESTEL

Ауғанстанда Талибан қозғалысының билігі жаңа Қылмыстық кодексті ресми түрде бекітті. Бұл құжат бірқа...

ӘДЕБИЕТ

2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Бозша ауылында дүниеге келген. Сәрсен Аманжоло...