Қаратал өзенінен баланың мәйіті табылды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
473

Сейсенбі, 26 мамыр күні таңғы сағат 05:00 шамасында ауқымды іздестіру шаралары барысында Қаратал өзенінен бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған баланың денесі табылды, деп хабарлады  MadeniPortal.kz Жетісу облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға және кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Бұған дейін 2026 жылғы 25 мамыр күні сағат 19:50-де «102» арнасына 2019 жылы туған Данияр Айбектің жоғалып кеткені туралы хабарлама түскені айтылған болатын. Сағат 19:30 шамасында бала үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Сондай-ақ баланың даму ерекшеліктері болғаны хабарланған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...