«Қарындасым мықты ғой»: Димаш Құдайбергеннің тойдағы тілегі талқыға түсті

Фото: Sn.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1802

Танымал әнші Димаш Құдайберген Шымкент қаласына қарындасы Раушанның үлкен тойына барды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Әлемге танылған әншінің тойда айтқан тілегі көпшіліктің көңілінен шықты. 

"Екі жас бақытты болсын. Раушанмен осыған дейін де, қазір де қалай мақтансам, бүгінде Ермаханымызбен де мақтанып жүрміз. Ақылыныа көркі сай, келбеті келіскен, таланты тоғысқан азаматты таңдаған менің қарындасым да ақылды ғой, мықты ғой. Сол себептен осындай қуаныштарда бас қосып, араға жылдар салып кезінде Раушан мен Ермаханның тойында бірге болған едік деген естелігімізді айтып жүре берейік", - деді Димаш Құдайберген. 

Желі қолданушылары Димаштың қарапайымдылығына тәнті болып, жағымды пікірлер жазды. 

"Жұлдыз болып кеткен кейбір әртістер тойға келуге уақыт таба алмай шіренер еді. Әлемге танымал жұлдыз міне, тойда тілек айтып тұр", "Димаш көрегенді, қарапайым, ақылды азамат", "Қарапайымдылығы керемет", деді олар. 

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...