Виктор Цойдың төлқұжаты аукционда 9 млн рубльге сатылды

МУЗЫКА
4025

Рубинштейн көшесіндегі достарының үйінен табылған атақты рок-музыкант Виктор Цойдың төлқұжаты аукционда тоғыз миллион рубльге сатылды. Бұл туралы "Литфонд" аукцион үйінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазды Ria.ru.

Виктор ЦойВиктор ЦойОсыған дейін аукцион үйінің бас директоры Сергей Бурмистров агенттікке Рубинштейн көшесіндегі достарының пәтерінен табылған Цойдың кеңестік төлқұжатын, достарының телефон нөмерлері жазылған қойын кітапшасын, сонымен қатар екі әнінің қолжазбасын сату үшін "Литфондқа" тапсырғанын айтқан.
Лоттың бастапқы құны 2,5 миллион рубльді құрады.

Сонымен бірге аукционда музыканттың қойын кітапшасын 3 миллион рубльге сатып алды. Оның бастапқы бағасы 500 мың рубльді құраған. Ал "Хочу перемен!" әнінің қолжазбасы — 3,6 миллион рубльге сатылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...