Қаржы вице-министрі Қазақстанда қанша адам банкрот деп танылғанын айтты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
983

ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов елімізде жалпы сомасы 188 млрд қарызы бар 50 мыңнан астам азамат банкрот деп танылғанын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңнаманы жетілдіру жалғасады.

"2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған қарыз шарттарына борышты реттеуді жүргізу туралы талапты алып тастау; борышкердің себептерін көрсетпей соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату құқығы; банкроттың қаржы ұйымдары алдындағы, оның ішінде кредиттік бюролар базасында көрсетілмеген барлық міндеттемесін тоқтату қарастырылған бірқатар түзетулер қабылданды", - деді спикер.

Сонымен қатар парламентте ломбардтарды соттан тыс банкроттық рәсіміндегі кредиторлардан шығару, сондай-ақ борыштары 1600 АЕК-ке дейінгі борышкер азаматтар үшін банкроттық рәсімін өткізу мерзімдерін қысқарту бойынша түзетулер қаралып жатыр.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...