Екібастұзда түнде жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен оқушы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды madeniport...
Қаржы вице-министрі Халық Кеңесі мүшелерінің жалақысын айтудан бас тартты
Фото: ЖИ
Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Халық Кеңесі мүшелері нақты қанша жалақы алатынын айтудан бас тартты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Вице-министрдің сөзінше, Халық Кеңесінің барлық мүшесіне еңбекақы бірыңғай жүйеге сәйкес төленеді.
"Басқаша жауап берейін. Тағы да түсіндірейін. Барлығы еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жалақы алады. Бірыңғай еңбекақы жүйесінің өзі қызметтік пайдалануға арналған. Сондықтан кім қанша алатынын нақты айтуға мүмкіндігім жоқ", - деді Абзал Бейсенбекұлы.
Айта кетейік, осыған дейін Құрылтай депутаттарының қанша жалақы алатынын жазған болатынбыз. Дания Еспаева депутаттардың жалақысы 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін жетеді. Егер депутаттың еңбек өтілі болса, оның жалақысы 1 миллион теңгеге жетеді деген болатын.