Екі автобустың соқтығысуынан 37 адам қаза тапты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2058

Боливияда екі автобустың соқтығысуынан 37 адам қаза тапты, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Тағы 40 азамат жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Оқыс оқиға елдің оңтүстік-батысындағы Уюни мен Кольчани қалаларының арасындағы тасжолда болды. Апаттың нақты себебі анықталып жатыр.

Алдын ала болжам бойынша қоғамдық көліктің бірі қарсы жолаққа шығып, жылдамдықты асырған. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, жол-көлік оқиғасына кінәлі болуы мүмкін жүргізуші мас күйде болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Есіл ауданында интернет арқылы букмекерлік кеңселерге бәс тіккен екі мемлекеттік қы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігерлер мен өзге де медицина мамандары денсаулығына зиян келген жағ...