Петропавл қаласындағы ЕС 164/6 түзету мекемесінде жазасын өтеп жүрген Елена күйеуін өлтіріп, кейін б...
Қазақстан халқы 20,6 миллионнан асты: қай өңірде адам ең көп?
ЖИ көмегімен жасалынған
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқының санына қатысты жаңа деректерді жариялады. 1 тамыздағы жағдай бойынша елде 20 604 819 адам тұрады.
Бұл туралы Zakon.kz жазды. Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері Қазақстан халқының саны 104 997 адамға артқан. Оның 99 419-ы табиғи өсім есебінен болса, тағы 5 578 адам шетелден келген.
1 тамыздағы жағдай бойынша еліміздің қалаларында 13 085 110 адам, ауылдық жерлерде 7 414 712 адам тұрады.
Халқы ең көп қала – Алматы. Мегаполисте 2 348 103 адам тұрады. Одан кейін Астана – 1 639 176 адам және Шымкент – 1 294 050 адам.
Өңірлер арасында Түркістан облысы көш бастап тұр. Мұнда 2 149 205 адам тұрады. Екінші орында Алматы облысы – 1 596 532 адам, ал үшінші орында 1 215 656 тұрғыны бар Жамбыл облысы орналасқан.
Ал халық саны ең аз өңір – Ұлытау облысы. Мұнда 219 049 адам тұрады.
Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 10 065 819 ер адам және 10 524 770 әйел тұрғанын хабарлаған.