23 жастағы азаматты қайықпен қағып өлтірген ер адам сотталды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
910

Қонаев қалалық соты Қапшағай су қоймасында болған қайық оқиғасына байланысты 23 жастағы азаматтың өлімі бойынша үкім шығарды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Алматы облысының прокуратурасы таратқан ақпаратқа сәйкес, 2025 жылғы 2 шілдеде катерді жалға берген адам судағы қауіпсіздік талаптарын сақтамаған. Ол қайықты түнгі уақытта басқарған әрі жолаушылар санын белгіленген мөлшерден асырып жіберген.

Осының салдарынан жағалауда шомылып жүрген 23 жастағы азаматқа қайық соғылып, жас жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыны 3 жылға бас бостандығынан айырып, қосымша 3 жылға су көліктерін басқару құқығынан айыруды сұраған.

Сот қаулысымен күдікті 2 жылға сотталып, 2 жыл мерзімге су көліктеріне қатысты қызметпен айналысуына тыйым салынды. Үкім заңды күшіне енді, сот отырысында айыпталушы қамауға алынды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...