Қазақстанда оқу жылының басталуына қарай студенттерге арналған қосымша пойыздар іске қосылады, деп х...
Қазақстанда авариялық-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде
фото: ortcom_kz
554
Авариялық-құтқару жұмыстарына 16 мыңнан астам адам және 2500-ге жуық бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
«Азаматтық қорғау қызметтерімен 85 мыңға жуық адам, оның ішінде 30 мыңға жуық бала құтқарылды және эвакуацияланды. Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пункттерінде 8349 адам, оның ішінде 3809 бала орналастырылған», - деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш ОКҚ алаңында өткен брифингте.
ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 8 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды.
Еліміздің 9 өңірінде - Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті ауқымдағы 29 ТЖ әрекет етеді.
«Жедел желі» телефондарына 1129 қоңырау келіп түсті.
«8 сәуірде Ақтөбе облысына Қырғызстан Республикасынан гуманитарлық көмек келді. Оны күтіп алуға ТЖМ өкілдері барды», - деді спикер.