Қазақстанда мұнай компаниясын басқарған басшы Қырғызстан президенттігіне түспек

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
138

«Газпромнефть-Қазақстан» компаниясының бұрынғы бас директоры Аймен Қасенов Қырғызстан президенттігіне үміткер болуға ниетті. Ол елдің Орталық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидатурасын тіркеу туралы өтініш берген, деп хабарлады MadeniPortal.kz .

Аймен Қасеновтің бизнес саласында шамамен 25 жылдық тәжірибесі бар. Ол 2007–2015 жылдары «Газпромнефть-Қазақстан» компаниясын басқарған.

2015–2016 жылдары Бішкек мэрінің кеңесшісі қызметін атқарса, 2016–2018 жылдары Ресей-Қырғызстан даму қорының басқарма құрамында болған.

Бұл — Қасеновтің президенттік сайлауға қатысуға алғашқы талпынысы емес. Ол 2020–2021 жылдары да Қырғызстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған.

Қырғызстанда кезекті президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарға белгіленген. Кандидаттарды ұсыну кезеңі 2026 жылғы 13 қарашаға дейін жалғасады.

Бұған дейін қазіргі мемлекет басшысы Садыр Жапаров та сайлауға қатысу ниетін білдірген. Сонымен қатар бұрынғы ішкі істер министрі Өмүрбек Суваналиев пен Қаржы полициясының экс-басшысы Сыймык Жапыкеев те президенттікке түсу жоспарлары туралы мәлімдеген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы тойлардың бірінде әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жуманова қымбат смартфон ұтып алып, көпш...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нүриддин Шәмшіұлы көз жұмды, деп хабарлайды M...