Қашуға әрекет жасаған: Атырауда қайын жұртын өлтірген күдікті жайлы жаңа дерек шықты

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
545

Атыраудағы резонансты қылмыстық іс бойынша күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның Индонезияға қашан барғаны белгілі болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап.

Индонезия полициясының өкілі Рикки Пурнаманың мәліметінше, Ломбок аралындағы қонақүйге тәртіп сақшылары келген сәтте Сәрсемәлиев қашуға әрекет жасаған. Алайда ол сол жерде қолға түсті.

Күдіктіні ұстау операциясына Интерполдың Индонезиядағы Ұлттық орталық бюросы, Солтүстік Ломбок полициясы және көші-қон қызметі жұмылдырылған.

Тергеу деректеріне сәйкес, Сәрсемәлиев пен Мұқанғалиева 2025 жылдың 14 желтоқсанында Малайзияның Куала-Лумпур қаласынан Бали аралына ұшып барған. Кейін олар Ломбок аралына қоныс аударып, ұсталғанға дейін сол жерде болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдан Алатау қаласына дейін метро желісін ұзарту әзірге жоспарланып отырған жоқ. Оның орнына бил...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада ит етінің қоғамдық тамақтану орындарында сатылып жатқаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес кел...