V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан чемпион атанған Қазақстан құрамасы 10 млн теңгені...
Қазақстанда сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату ұсынылды
Фото: Pixabay
Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Қазақстан сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату бастамасын көтерді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Әділовтың айтуынша, қазіргі жаза әрекетті уақытша ғана тоқтатады.
"Қазір аңдығаны үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Көбіне 30–40 тәулікке қамау түріндегі жаза қолданылады. Алайда тәжірибеде бұл жеткіліксіз болып, сотталғандар үкімнен кейін де жәбірленушілерді аңдуын жалғастыратын жағдайлар кездеседі. Алматы облысында сталкинг жасаған тұлғалар сотталғаннан кейін де өз әрекеттерін жалғастырған жағдай бар", – деді Әділов.
Ішкі істер министрлігі "қайталану" деген қосымша ауырлататын белгіні енгізіп, сталкингті орташа ауыр қылмыстар санатына ауыстыруды және жазаны 5жылға дейін күшейтуді ұсынып отыр.
"Бұл мәселе жұмыс тобының алаңында талқыланады", – деп нақтылады вице-министр.