Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2128

3 ақпанда көптеген аймақтарда жаңбыр мен қар, көктайғақ және тұман күтіледі, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Орал, Атырау, Қызылорда, Шымкент, Жезқазған, Павлодар және басқа аймақтарда тұман түседі деп болжануда. Алматы мен Қонаев қалаларында да көктайғақ болып, тұман түседі.

Түркістан мен Ақмола облыстарында бұрқасын, ал Жамбыл облысында 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, боран соғуы ықтимал, ал Ұлытау облысында көктайғақ болады.

Қарағанды облысында көктайғақ болып, қар жауады. Жетісу облысында таулы аудандарды тұман басады.

Астанада күндіз -1+1 °C шамасында, ал түнде -2-4°C салқын болады.

Алматыда күн алабұлтты, сынап бағанасы күндіз -1-3°C, түнде -7-9°C суық болады.

Шымкентте күн алабұлтты, күндіз +5+7°C жылы, ал түнде -5-7°C салқын болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...