Қырғызстан соты Қамшыбек Тәшиевке үкім шығарды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
605

Бішкектің Бірінші май аудандық соты «75-тің хаты» деп аталатын қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сот Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиев пен өзге айыпталушыларды «Билікті күшпен басып алу» бабы бойынша кінәлі деп танып, мүлкі тәркілене отырып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда оларға 3 жылдық пробациялық бақылау тағайындалғандықтан, жазасын колонияда өтемейді.

Тәшиевтің адвокаты үкіммен келіспейтінін айтып, апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

Айыпталушылардың ешқайсысы өз кінәсін мойындамаған.

Шоу-бизнес

Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығына байланысты қайта ота жасау қажет болуы мүмкін...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды MadeniPortal....