Қызылорда облысында полицейдің денесі табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
459

31 тамызда Қызылорда облысының Арал қаласынан 38 жастағы учаскелік полиция инспекторының зорлық белгілері бар мәйіті табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полицияның мәліметінше, жанжал кезінде ер адам учаскелік инспекторды ұрып-соққан. Алған жарақаттарының салдарынан полицей көз жұмған. Оқиға кезінде полиция қызметкері еңбек демалысында болған.

Қызылорда облысы ПД мәліметінше, марқұм мен күдікті бір-бірін бұрыннан таныған. Учаскелік инспектор бұған дейін ер адамды отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтары үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оған қатысты қорғау нұсқамалары да шығарылған.

Күдікті – Арал қаласының 39 жастағы тұрғыны. Оның жеке басы анықталған, қазіргі уақытта ер адам іздеуде.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...