Ақтаулық түлектер сән-салтанатты кештен бас тартып, аутизмі бар балаларға көмектесті

Фото: МО Қоғамдық коммуникациялар орталығы

ЖАҢАЛЫҚТАР
957

Ақтау қаласындағы мамандандырылған IT-лицейдің 11-сынып түлектері мектеп бітіру мерекесін тек салтанатпен ғана емес, үлкен әлеуметтік жауапкершілікпен атап өтті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Malim.kz-ке сілтеме жасап. 

Биыл 97 түлек қымбат көйлек, банкет пен мерекелік сән-салтанаттан саналы түрде бас тартып, жиналған қаражатты қайырымдылыққа жұмсауды жөн көрген. Барлық қаржы ерекше қажеттіліктері бар және аутизм спектрі бұзылысы бар балаларға қолдау көрсететін "Періште" орталығына аударылды.

Шара «Сенің бес минутың — біреудің бүтін ғұмыры» ұранымен өтті. Бұл бастаманы оқушылардың өздері көтеріп, ата-аналар мен ұстаздар толық қолдау білдірді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық қаржысы балаларды қоғамға бейімдеуге бағытталған арнайы бағдарламаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Игі іске ұйытқы болған түлектер өз әрекеттері елдегі өзге мектеп бітірушілерге де қымбат салтанаттан гөрі шынайы көмектің маңызды екенін көрсетсе екен деген үміт білдірді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...