Өз балаларын тәрбиелеу міндетін атқара алмаған 8 мыңға жуық ата-ана есепке қойылды, деп хабарлайды m...
«Шабыттың» шатырынан тағы да су ағып жатыр: миллиондаған ақша қайда кетті?
Фото: Президент ісі басқармасы
Күрделі жөндеуден кейін де шатырдан су ағады: ҚазҰӨУ студенттері тағы да дабыл қағуда, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Қазақ ұлттық өнер университеті (ҚазҰӨУ) тағы да жұрт назарында — бұл жолы да шығармашылық жетістіктерімен емес. Әлеуметтік желі қолданушылары жаңбырдан кейін жаңартылған «Шабыт» ғимаратының шатыры қайта аға бастағанын көрсететін видеолармен бөлісіп жатыр.
Студенттердің айтуынша, олар ғимаратқа маусым айының басында қайта көшіп келген. Алайда алғашқы жауын-шашынның өзінде-ақ шындық ашыла түсті: Мәдениет және спорт министрлігі бөлген 530 миллион теңге бұрынғы мәселелерді шешпеген.
Естеріңізде болса, екі жыл бұрын студенттер мен оқытушылар дабыл қаққан еді: ғимараттың шатыры ағып, бөлмелерде тарақандар жүрген, ал оқу жағдайы сын көтермейтін. Сол кезде билік өкілдері күрделі жөндеу жүргізуге уәде берген болатын.
Бір қарағанда, мәселе шешілгендей еді. Бірақ бәрі қайталануда.
Миллиондаған бюджет қаржысы қайда кетті? Жөндеуден кейін де жаңбыр суы төбеден ағып тұрса — бұл нені білдіреді? Өнер мен мәдениет жолына бет бұрған жастарға осындай жағдай лайық па?
Жаңа оқу жылы қыркүйекте басталады. Бірақ қазіргі түрімен студенттер күзгі жауындарды да шелектер мен легендермен қарсы алатын секілді.
Жауапты органдардан тексеріс талап етеміз. Бізге сырттай жылтыраған емес, шынайы шешімдер керек.