Назарларыңызға Massaget.kz сайтында жарық көрген белгілі математик Асқар Жұмаділдаевтың...
Санкт-Петербургке дрон шабуылы: бір адам қаза тауып, бес адам жараланды
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
18 қазанға қараған түні Ресейдің Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысына дрондар шабуылдағаны хабарланды. Бір адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Тараған ақпаратқа сәйкес, шабуылдан кейін жанармай нысандарында өрт шыққан. Сондай-ақ “ВКонтакте” әлеуметтік желісінің деректер орталығына, электр қосалқы станциясына және автокөлік көпіріне соққы жасалғаны айтылды.
Санкт-Петербург губернаторы Александр Беглов шабуыл салдарынан бір адамның көз жұмғанын, бес адамның жараланғанын мәлімдеді.
Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконың айтуынша, Гатчина қаласында дрон сынықтары көпқабатты тұрғын үйге түскен. Ал Ломоносов ауданындағы Новоселье елді мекенінде тұрақта тұрған 55 көлік зақымданған. Апатқа байланысты электр қуаты уақытша өшірілген.