Әлемге әйгілі Madison Square Garden сахнасы Димаш Құдайбергенді аншлагпен қарсы алды. Бұл — қа...
“Бәйдібек пен Нүрила таксиде жолықты": Тарихи таныстық желі қолданушыларын тәнті етті
Фото: әлеуметтік желіден
Әлеуметтік желі қолданушысы парақшасында басынан өткен ерекше оқиғасын баяндады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Нұрилла есімді божеткен Бәйдібек деген жігітті кезіктіргенін жазды.
"Жаңа ғана таксиде ақшамды каспиге жібердім. Таксист бала хаюарламаны көріп "Атыныз Нұрилла ма?" дейді. Мен "Иа" дедім. "Ал менің атым Бәйдібек" деді. Мен оны маған не үшін айтып жатыр деп "Аа, жақсы" дедім. Маған ол бала қайтадан "Менің атым Бәйдібек. Түсінбедіңіз - ау" дейді. Мен шынымен түсінбей отырмын. Ол "Тарихта Бәйдібек деген батырдың әйелінің аты Нұрилла болған” деді. Осы жерде тарихи подкаттан сасқаннан "аа, окей" деппін», - деп жазды Нұрилла есімді бойжеткен.
Бұл жазба желі қолданушыларын тәнті етті. Тіпті, жеке пабликтер оның жазбасын көшіріп алды.
"Не деген тарихи кездесу?”, “Қандай ғажап”, “Ерекше оқиға болыпты”, “Кемет қой”, деп жазды желідегілер.
Бәйдібек Қарашаұлы (VІ— VII ғасырлар аралығы) — Жетісу алабындағы көшпелі тайпалар көсемі, ақыл-парасатымен, ерлік істерімен елге ұйытқы болған тарихи тұлға.
Бәйдібек жалпақ жатқан Жетісуды, Арыс өзенінің шұрайлы алқаптарын, Қаратау мен Ташкент алабын қоныс етіп, ондағы ру-тайпалардың бас біріктіруіне, ел болып ұйысуына ықпал еткен.
Шежіре деректеріне сүйенсек, Бәйдібек қазақ елінің үш ұлы бірлестігін құраған Байшора, Жаншора, Қарашора (басқа бір деректерде Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деп аталады) болса, үш жүздің Байшорасынан, ұрпағы кең тараған Майқы, оның баласы Бақтиярдан, оның баласы Үйсіннен, оның баласы Ақсақалдан туған Қарашаның үлкен баласы.
Ел аузында Бәйдібек бабаның некелеп алған үшінші жары Нүриланың Қыдыр дарып, бақ қонған асыл текті Домалақ анаға айналғаны туралы шежірелі әңгімелер көп сақталған.
Бәйдібек Қарашаұлы қазіргі Бәйдібек би елді мекенінде дүниеден өткен. Сүйегі Балабөген өзенінің жағасында жерленген.