Семейде төрт жасар қыз бесінші қабаттың терезесінен құлап қаза тапты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
426

Семей қаласында төрт жасар қыз көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап, көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылы туған қыз бала ересектердің қарауынсыз қалған кезде терезеден құлап кеткен. Өкінішке қарай, алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Осыған байланысты ТЖМ ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды. Сондай-ақ терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатып, тұтқаларды құлыптап, москит торына сенбеуге және терезе маңына жиһаз қоймауға кеңес берді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында жеті жасар қызға күндіз көшеде бәзбіреу шабуыл жасап, зорламақ болған, деп хабарлай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тұрмыс құрғанына небәрі екі ай болған Асиманың қазасына қатысты туыстары бірқатар сұраққа жауап ізде...