Сенат Қазақстанға педофилдер мен лаңкестерге кіруге тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Фотосурет: Ашық дереккөзден

Жаңалықтар
566

Сенат мәжіліске түзетулермен халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі заңды қайтарды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Айта кетейік, бұл заң халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Заңды қарау кезінде Сенатта келесі түзетулер енгізілді:

– Қазақстан Қылмыстық кодексінің 428-1-бабының 2-бөлігі бойынша адам өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып қылмыс жасаған жағдайда екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылықты қатаңдата отырып, жазаның баламалы түрлері алып тасталады;

– Бейнебақылау жүйелерін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін қылмыстық жауаптылықтың енгізілуіне байланысты бейнебақылау жүйесі ұғымын енгізу бөлігінде Қазақстанның қылмыстық-атқару кодексіне түзетулер енгізіледі;

– «Халықтың көші-қоны туралы» заңға заңнама талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау туралы дербес тараудың енгізілуіне байланысты Заңның жекелеген нормалары Кәсіпкерлік кодексінің және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның нормаларына сәйкес келтірілген.

Сондай-ақ, заң баптары нормаларының ішкі келісілуін қамтамасыз етуге және құқықтық түсініспеушіліктерге жол бермеуге байланысты бірқатар өзгерістер енгізілді.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...