Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлады MADENIPORTAL...
ШҚО-да ер адам бірге тұратын әйелді өлтірген
Фото: gov.kz
153
23 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауылында 31 жастағы әйел мен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Полицияның алдын ала мәліметінше, әйел алған дене жарақаттарынан көз жұмған. ШҚО ПД хабарлауынша, оған жарақатты мас күйінде болған бірге тұратын ер адам салған. Осыдан кейін ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.
Оқиғаға байланысты қылмыстық істер қозғалды. Полиция қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.