Атышулы блогер қалың малы 48 млн теңге екенін айтты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1675

«Сезім бағы» реалити жобасының қатысушысы Әсел өзінің қалың малы туралы ашық айтып, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ  POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.

Жоба жүргізушісі Әселден қалың малының қанша екенін сұрағанда, ол:

«Түсінгендер түсінді. Қалың малым — 1 биткоин. Ұялмаймын. Маған сұрақ қойды, мен жауап бердім. Қабылдаңыздар», — деп жауап берді.

Айта кетейік, қазіргі таңда 1 биткоинның құны шамамен 48 миллион теңге тұрады.

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Қатысушылар мен желі қолданушылары түрлі пікір білдірді:

«48 миллионға отбасымен берем десе де алмаймын», «3 миллион деген ойнамай қалды ғой», «Сонша ақшаға тұратындай қыз ғой», «Өз құнын біледі», «Тегін берсе де алмас едім» – деген сынды пікірлер көптеп жазылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Щучье қаласында ер адам бұрынғы қызын өлімші етіп сабап, мерт қылды, деп хабарлайды Ma...

ЖАҢАЛЫҚТАР

33 жыл бұрын (1993-2018) қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, олимпиада жүлдегері Денис ТЕН дүниеге кел...