Белгілі күйші-домбырашы, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының ла...
"Бұл сұмдыққа тоқтау бола ма өзі?!" Қарақат Әбілдина ашығын айтты
Бейнежазбадан
Белгілі эстрада жұлдызы Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіге отбасының видеосын жүктеген соң, оны администраторлардың өшіріп тастағанына қатты наразы болды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Себебі онда кішкентай баланың іш киіммен ғана жүрген жері бар көрінеді.
"Отбасылық демалыстан естелік болсын деп салған жып-жылы видеоны инстаграм өшіріп тастапты. Көргендер болса біледі, соңына қарай Айзонтай трусишең атып шыққан еді, сол ұнамай қалса керек. Дұрыс шығар, ашық-шашық бейнеге тиым салғаны ғой инстаграмның.
Менің сұрағым бар. Сонда интернет толы жалаңаштанған сорақы видеолар ше? Тегін. Бас та көре бер. Бұл сұмдыққа тоқтау бола ма өзі?! Ол тіпті мүмкін бе? Тик-тогың анау, жас-кәрі демей бәрі есінен адасқан есалаңша елірген видеолар салып жарысады. Атағың шықпаса жер өртенің кері. Қарадай қарап түңілесің. Оған құлақ асып жатқан тағы ешкім жоқ.
Әр постыңның астына анайы пікір жазатын парақшалар қаншама. Бұғаттағаннан басқа амалың жоқ. Жақсылық ойлайық дейсің ғой, бірақ жәй қарап отыра алмайсың. Ұл-қыз өсіріп отырған соң қорқасың, алаңдайсың. Амал жоқ, заман осы. Алла адастырмай, өздеріне сана берсін дегеннен басқа не?!…
Кішкентай баланың бейнесін аңдығанша, әуелі үлкендердің айуандығымен күреспей ме?!
Қалай ойлайсыз оқырман?!" деп жазды ол өзінің instagram-парақшасында.