Шымкентте курьер жігіттің қызға жасаған жантүршігерлік ісі ашылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
688

Шымкенттік курьер қыз зорлап, 13 жылға сотталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Alash.kz  сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласының қылмыстық істері жөніндегі ауданаралық сотында ер адамға сот үкімі шықты.

Ол былтыр курьер болып жүріп жәбірленушімен танысқан. Әңгімесі жарасқан екеуі ішімдіктен ұрттап алып, отырыс соңы ұрыс-жанжалға, ұрып-соғуға ұласқан.

Сот мәліметтеріне сүйенсек, оқиға кезінде курьер қыздың кеуде тұсынан соққылап, денсаулығына қасақана зиян келтірген. Оған қоса еркінен тыс зорлап, жыныстық сипаттағы әрекеттер жасаған. Судья оны дәлел-дәйектермен кінәлі деп тапты.

"Бұл іс бойынша ер адам кінәлі деп танылды. Ауыр жазалардың бірі тағайындалды. Түпкілікті 13 жыл 6 ай мерзімге сотталды. Ер адам алты рет сотты болған. 2006 жылдан бері бұзақылық, қарақшылық, ұрлық қылмыстары бойынша сотталған. Бірнеше рет ауыр қылмыс жасаған. Бас бостандығын айыру мекемесінде жазасын өтеп шыққан. Пробациялық бақылауда жүріп, қылмыс жасаған", - деді Шымкент қаласының қылмыстық істері жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Аинель Орақбаева.

Айта кетейік, прокурор сотталушыны 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда судья сотталушының қылмыстарды қайта жасағанын ескере отырып, осындай жаза тағайындаған. Сондай-ақ, жәбірленушінің пайдасына 5 млн. теңге моральдық шығын өндірілді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қырғызстанда 5 баллға жақын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Қырғызстандықтар 1...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда алаяқтық қылмыс жасады деген күдікпен үш әйел адам ұсталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ....