Таяу Шығыс: Соғыс 5 күнге тоқтады

Фото: Ақ үй

ЖАҢАЛЫҚТАР
478

Трамп Иранмен 5 күндік уақытша бітім жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

АҚШ Иранның энергетикалық инфрақұрылымына соққы беруге уақытша мораторий енгізеді. Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

Оның айтуынша, соңғы екі күнде тараптар «өте жақсы және нәтижелі» кездесулер өткізген.

«Мен Қорғаныс министрлігіне Иранның электр станциялары мен энергетикалық инфрақұрылымына кез келген әскери соққыларды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырдым», — деп жазды Трамп. өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде.

Трамп тараптар толықтай атысты тоқтату мүмкіндігін де талқылап жатқанын мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін елордада мерзімді әскери қызметші Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі өтті. Ол әскерде алған ауыр...

СПОРТ

Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Гран-при...