“Тағы да ұшақ апаты”: Жолаушылардың бәрі қаза тапты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1523

Үндістанның солтүстігіндегі Гималай аймағында тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

ANI агенттігінің мәліметінше, тікұшақ бортында пилотты қосқанда жеті адам болған. NDTV телеарнасы барлық жолаушылардың қаза тапқанын хабарлады. Алайда әзірге ресми түрде қаза тапқандар саны жарияланған жоқ.

Тікұшақ Уттаракханд штатының таулы өңіріндегі Кедарнатх ауылынан кері бағытта қайтып келе жатқан.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алдағы уақытта Қазақстан азаматтары Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстанға шетелдік төлқұжа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда полиция ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы қасақана жалған ақпарат берген 56 жастағы...