Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бостандық ауданына жасаған жұмыс сапары барысында «Сакура»...
Талдықорғанда туған әкесі үш жастағы баласын аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)
коллаж Мadeniportal.kz.
Талдықорғанда үш жастағы бала әкесінің соққысынан кейін ауруханаға түсті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Әлеуметтік желілерде денесінде көптеген көгерген іздері бар сәбидің қорқынышты видеолары тарады. Анасының айтуынша, балаға қатыгездік көрсеткен — оның әкесі. Полицияның хабарлауынша, алкогольдік мас күйде болған ер адам ұсталды.
Айта кетейік, бұл сәбидің аты Ақжар. Бұған дейін аса ауыр дертке шалдығып, халықтың көмегімен ота жасалынған екен. Бұл туралы "Алақандағы күн" фондының қызметкері Екатерина Доброва айтты.
"Екі жыл бұрын мен осы кішкентай қызға бауыр трансплантациясына ақша жинаған едім.
Қыз туралы біз емдеуші дәрігерден білдік, отбасымен байланысқа шықтық, бірақ әкесінің жоспарына баланы құтқару кірмеген, тіпті ол бұған кедергі де келтірген! Оларды әйелімен бірге кәмелетке толмаған қызын қауіпті жағдайда қалдырғаны үшін жауапқа тартатынымызды айтып қорқытқанымнан кейін ғана, ол кішкентайын анасы екеуін Түркияға жіберді.
Қыздың жағдайы өте ауыр еді, цирроздан бөлек... Оған ешкім қарамаған, барлық мүшелерінде тері ойылуы (бөртпе) көгергенше асқынып кеткен.
Анасының көзін өз көзіммен көріп, бір нүктеге қадалған жанарынан-ақ бәрін түсіндім. «Ол сені ұра ма?» деген сұрағыма ол «иә» деп жауап берді.
Анасы да шегіне жеткен, терең депрессияда болатын.
Көп ұзамай ота жасалды, Ақжарға медицина қызметкерлері тарапынан ерекше күтім көрсетілді: бәрі қызды аяп, жуындырып, ретке келтірді. Көмекшілер оған да, анасына да киім алып берді, өмір біртіндеп түзеліп келе жатқандай болды. Жадыра бізге енді күйеуіне қайтып бармайтынын уәде еткен еді", деді фонд қызметкері.
Сонымен қатар, қазіргі таңда сәбидің әкесі фонд қызметкерлеріне бейнежазбаны өшіруді талап етіп отырғанын тіпті қоқан лоқы көрсеткенін алға тартты Екатерина Доброва.
"Осы аралықта ол маған да, қор директорының өзіне де қорқытып-қоқан-лоққы жасай бастады!!! Бұл әзіл емес!
Әуелде біз оның биполярлық бұзылысы бар шығар деп ойладық, бірақ кейін себебі — алкоголь және тек ол ғана емес екенін түсіндік...
Дегенмен, бақытымызға қарай, ол кезде Жадыра балаларымен бірге онымен тұрмаған. Түркиядан оралғаннан кейін Жадыраның анасы қайтыс болды, менің түсінуімше, дәл сол кезде мына оңбаған қайта келді. Әйел әбден күйзелген, өзі ауыр психиатриялық хәлде, оған қарсы тұрарға күші жоқ... Ол оның өзін ұратынына көндігіп кеткен... Бірақ біз көнбейміз!!!!
Мен үнсіз келдім, бірақ мұндайға үнсіз қалуға болмайды!", - деді Екатерина Доброва.
Қазіргі уақытта анасы баласымен бірге медициналық мекемеде. Зардап шеккен балаға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Посмотреть в Threads