Танымал жазушы, драматургтың жары қаза тапты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1064

Қазақстан Жазушылар одағының Басқармасы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург және публицист Тобық Жармағамбетовтің жары, көрнекті мәдениет жанашыры Жармағамбетова Сәпия Кенжебайқызы дүние салды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жармағамбетова Сәпия Кенжебайқызы кітапхана ісінің ардагері, «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» және «Кітапхана ісінің ардагері» төс белгілерінің иегері, руханият пен білім жолына саналы ғұмырын арнаған ардақты жан.

Сәпия Кенжебайқызы – кітапхана саласында қырық жылдан астам уақыт табанды еңбек етіп, ұлттық руханияттың дамуына, өскелең ұрпақты кітапқа, білім мен парасатқа баулуға елеулі үлес қосқан жан еді. Ол өз ісіне үлкен жауапкершілікпен және адалдықпен қарап, мәдениет пен сөз өнерінің қадірін терең түсініп, елге қызмет етуді өмірлік мұрат етті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...