Таразда Қаңтар оқиғасында қаза тапқандарға ас берілді

Фото: Диляра Иса

ЖАҢАЛЫҚТАР
809

3 қаңтар күні Таразда 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған адамдардың туыстары марқұмдарға арнап ас берді, деп хабарлайды madeniportal.kz Азаттыққа сілтеме жасап.

Асқа Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларында оқиға кезінде қаза болған азаматтардың туыстары мен азаматтық белсенділер қатысты.

Қазақстанның бес қаласынан жиналған отыздан аса адам әуелі Тараздағы орталық мешітке барып, марқұмдардың рухына бағыштап құран оқытты. Олар Қаңтар оқиғасында опат болғандар ұмытылмауы керек деп санайды.

«Сол кезде үйден ойнап-күліп шыққан балаларымыздың денесі қас-қағым сәтте келіп жатты. Бұл бар отбасының қабырғасын қайыстырды», «Біз барда, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ барда Қаңтар оқиғасында қаза тапқандар ұмытылмайды», «Қаңтар оқиғасында қаза болғандарға арнайы статус берілсін!», «Марқұмдардың артында қалған отбасы қараусыз қалмасын!»

деп пікір білдірді асқа келген ата-аналар. Олардың пікіріне белсенділер де қосылып жатты.   

ЖАҢАЛЫҚТАР

Перу соты бұрынғы президент Оллант Умалды 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады MADENIPOR...

Өнер

«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады. Еліміздің басым бөл...