Таразда жеңіл көлік автобус пен жүк пойызының арасына қысылып қалды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1252

Тараз қаласында жолаушылар автобусы, жеңіл көлік және жүк пойызымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кадрларда жеңіл автокөліктің пойыз бен автобус арасында қысылып қалғаны көрінеді.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, апат 4 мамыр күні сағат 11:25 шамасында Тараз – Жаңатас учаскесіндегі Бурыл станциясының жеке кірме жолындағы теміржол өткелінде болған.

«Mercedes маркалы жеңіл көлік жүргізушісі теміржол өткелінен өту ережесін бұзып, жүк пойызының вагондарымен соқтығысты. Қаза тапқандар жоқ», – делінген ресми хабарламада.

Оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті билік пен жауапты органдар жол-көлік оқиғасының себептерін анықтауда. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...