2 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: мамандар ескерту жасады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
796

«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылғы 2 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың айтуынша, ел аумағының басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым өңірінде қар, жаяу бұрқасын және боран сақталады.

Солтүстік-батыс аймақтарда күндіз қалың қар жаууы мүмкін.

Оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түріне жауады. Ал елдің орталық және оңтүстік бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

«Қазгидромет» республика бойынша бірқатар қолайсыз құбылыстарды да атап өтті. Атап айтқанда тұман түсуі мүмкін; көктайғақ болады; желдің күшеюі ықтимал.

Мамандар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда абай болуға, алыс сапарларды жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...