Шұғыл! 2 пойыз соқтығысып, 21 адам ажал құшты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
989

Испанияда екі пойыз соқтығысып, 21 адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Ulysmedia-ға сілтеп.

Испанияда екі жоғары жылдамдықты пойыз рельстен шығып, бір-бірімен соқтығысты. Салдарынан 21 адам қаза тауып, шамамен 100 адам жарақат алды.

Бұл ақпаратты Испанияның ішкі істер министрлігі 19 қаңтарға қараған түні таратты. Қайғылы оқиға 18 қаңтар кешке Кордова провинциясында болған.

Испания билігінің мәліметінше, Малага — Мадрид бағытымен жүрген Iryo компаниясының пойызы рельстен шығып, қасындағы жолға түскен. Сол жерде ол қарсы бағытта Уэльва қаласына бет алған пойызбен соқтығысқан. Оқиғаның нақты себептері әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Испаниялық БАҚ екі пойызда жалпы саны шамамен 400 жолаушы болуы мүмкін екенін нақтылайды.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккендердің 30-ы ауыр жағдайда жатыр. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадалары, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Reuters агенттігінің мәліметінше, құтқару қызметтері вагондарды тексеруді жалғастырып жатыр, өйткені негізгі соққы тиген бөліктерде тірі қалғандардың нақты саны әлі анықталмаған. Испания премьер-министрі Педро Санчес Кордовадағы жағдайдың дамуын жеке бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеді. Қайғылы оқиғаға байланысты Испанияның корольдік отбасы да көңіл айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда Жангелдин ауылында жоғалып кеткен отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды, деп хабарлай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Қарақат Әбілдина желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal....