TikTok-та тікелей эфирден 95 млн теңге тапқан төрт адам сотталды

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
523

Жетісу облысында TikTok-тағы тікелей эфирден 95 млн теңге тапқан төрт адам сотталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өңірде құмар ойындарын ұйымдастырған төрт адамның заңсыз қызметі тоқтатылған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында облыстың төрт тұрғыны TikTok желісіндегі тікелей эфирлерде заңсыз карта ойындарын ұйымдастырғаны анықталған.

Құқыққа қайшы әрекет нәтижесінде олар 95 млн теңге көлемінде заңсыз табыс тапқан. 

"ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сот үкімімен олар кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп жазылған хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев пен оның жары Муминаның TikTok желісіндегі видеолары қызу талқыға түсті....