Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жердің топырағы қойылды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1078

АҚШ-тың Вашингтон қаласында жерленген жазушы Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған елдің топырағы мен жусаны қойылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Мұхтар Мағауиннің ұлы Едіге Мағауин ата-бабалары жерленген киелі мекеннен топырақ алып, әкесінің мәңгілік мекеніне қойды. Зияратқа Вашингтондағы Kazakh American Association ұйымының өкілдері де қатысты. Бұл туралы Сапарбек Нағашыбеков әлеуметік желідегі парақшасында хабарлады. 

«Бүгін Вашингтонға жақын жерде, қазақтың ұлы жазушысы, абызы Мұхтар Мағауиннің қабірін зират етіп, қазақтың «топырақ апару» дәстүрі жасалып, атамызға құран бағышталды. Қабыл болсын. Мұхтар атамыздың ұлы Едіге ағамыз Қазақстандағы ата бабасы жерленген жерден алып келген топырақ пен жусанды атамыздың қабіріне көмді», -  деп жазды ол.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...