Джорджия технологиялық институтының (АҚШ) ғалымдары адамның көзінің қарашығының көлемі мен оның таны...
Тұман мен көктайғақ: 22 наурызға Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
ашық дереккөз
Елорданы, Шымкентті және Қазақстанның 13 өңірін дауылды ескерту қамтыды. Синоптиктердің мәліметінше, 22 наурызда тұман, көктайғақ күтіледі, ал оңтүстікте найзағайлы жаңбыр жауады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады. Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Көкшетауда түнде және таңертең жолдар көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз батыстан соққан желдің екпіні солтүстікте және оңтүстікте 15–20 м/с-қа жетеді. Петропавлда тұман, көктайғақ. Күндіз батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с.
Қостанай облысында түнде батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Қостанайда тұман.
Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең жолдар көктайғақ болады. Павлодарда тұман. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдар көктайғақ болады. Қарағандыда ара-тұра тұман түседі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады. Жезқазғанда да ара-тұра тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.
Абай облысының оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.
Жамбыл облысында таңертең және күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с-қа жетеді. Тараздатаңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Ара-тұра тұман түседі.
Түркістан облысында таңертең және күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні таңертең және күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында 15–20 м/с-қа жетеді. Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с.
Маңғыстау облысында күндіз солтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман болады. Ақтауда тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл тұруы мүмкін. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан және солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с-қа жетеді. Атырауда жаңбыр жауады. Күндіз найзағай болып, шаңды дауыл көтерілуі ықтимал.