Жанабыловтардың жыры: Сот қалай болып жатыр?

Фото: Alash.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
468

Астанада танымал блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты алдын ала сот отырысы басталды. Ерлі-зайыптылар сот ғимаратына адвокаттарымен бірге келді, деп жазады MadeniPortal.kz Alash.KZ сайтына сілтеп.

Сот барысында қорғаушы тарап процесті жабық режимде өткізу туралы өтініш білдіргенімен, прокурорлар бұған қарсылық танытты. Судья адвокаттардың бұл өтінішін қанағаттандырудан бас тартып, соттың ашық өтетінін кесіп айтты.

Өз кезегінде блогерлер де БАҚ өкілдерінің оларды суретке және видеоға түсіруіне қарсы екендіктерін мәлімдеді.

Айта кетейік, Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деп күдіктелуде. Тергеу мәліметінше, олар онлайн-курстарды желеу етіп, заңсыз лотерея схемасын ұйымдастырған.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Францияда полиция әкесі бір жылдан астам уақыт фургонда ұстаған 9 жастағы баланы құтқарды, деп хабар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық ба...