Қазақстанның ән әлеміндегі жаңа жеңіс: Ақерке Амалят «Славян базарында» үздік атанды

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
170

Еліміздің жас өнерпаздары Ақерке Амалят пен Жасмина Түзелова XXXV «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалі аясында өткен ән байқауларында жүлдегер атанды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі жария етті.

Ақерке Амалят «Витебск-2026» XXXV халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауында І орынды жеңіп алды. Екі күнге созылған байқау қорытындысы бойынша өнерпаз 134 ұпай жинады. Биылғы додаға 19 елдің орындаушылары қатысты. 

Қазақстан қоржынына тағы бір жүлдені 13 жастағы Жасмина Түзелова салды. 

Жас өнерпаз «Витебск-2026» XXIII халықаралық балалар ән байқауында ІІ дәрежелі диплом иегері атанып, жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетті. 

Жасмина Түзелова авторлық ән жазуға арналған арнайы сертификатқа да ие болды. Бұл марапатты халықаралық қазылар алқасының мүшесі, латвиялық композитор Гайтис Лазданс тағайындады.

Эстрадалық ән орындаушылардың халықаралық байқаулары дәстүрлі түрде «Витебскідегі Славян базары» фестивалі аясында өткізіліп, әр елден келген жас өнерпаздардың басын қосатын беделді алаңға айналған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметті желіде Ақтаудағы Орталық жолда өртеніп жатқан көліктің видеосы тарады, деп хабарлады ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 65 жастағы ер адам 35 жастағы әйел мен оның 10 айлық қызын зорлап өлтірді деген күдікпен...