Ұлттық қордағы 2,85 трлн теңге түгел жұмсалып кеткен

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1356

Биыл Ұлттық қорға түскен қаражаттың барлығы дерлік шығындалған, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Қаржы министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың 1 қазанына дейін қорға 2,85 трлн теңге түскен — бұл жылдық жоспардың 58 пайызы ғана.

Түсімдердің басым бөлігі мұнай саласынан келген: корпоративтік табыс салығы — 876 млрд теңге, пайдалы қазбаларды өндіру салығы — 780,6 млрд теңге, экспортқа ренталық салық — 244,3 млрд теңге, артық табыс салығы — 35 млрд теңге, өнім бөлу келісімдерінен түскен үлес — 803,6 млрд теңге.

Алайда түскен қаржының 99,9 пайызы, яғни 2,845 трлн теңге, басқа мемлекеттік деңгейлерге трансферт ретінде аударылып кеткен.

Ұлттық қор шотында қалған сома — бар болғаны 354,5 миллион теңге.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...