Ұлттық спорттан «Ұлы дала рухы» фестивалінің батыс аймақтық іріктеу жарыстары өткізіліп жатыр

Жаңалықтар
1642

Ұлттық спорт түрлерінен республикалық «Ұлы дала рухы» фестивалінің батыс аймақтық іріктеу жарыстары өткізіліп жатыр, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Республикалық «Ұлы дала рухы» фестивалі өтуде. Ұлттық спорттың көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату түрінен өтетін жарыстар командалық тәртіпте жүргізіледі. 

Екі айдан астам уақытқа созылатын бұл фестиваль II кезеңге бөлінген. I кезең аймақтық іріктеу жарыстары. Алғашқы кезең бәсекесі төрт аймақта өтеді. Аймақтардағы іріктеу жарыстары қазан айының басында мәреге жетеді. Еліміздегі 14 облыс, 3 қала командалары арасынан үздік шыққан командалар фестивальдің II кезеңі финалда өнер көрсетеді.

Ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінің солтүстік өңірінің жеңімпаз командалары анықталды. Фестивальдің батыс аймақтық іріктеу жарыстары ағымдағы жылдың 26-28 тамызы Орал қаласында көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы атудан спортшылар қалалық атшабарда сыңға түссе, қазақ күресі, асық ату жоғары спорттық шеберлігі мектебінде, тоғызқұмалақ оқушылыр сарайында байрақты бәсекелер өтеді. Батыс аймақ іріктеу жарыстарына: БҚО, Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарынан 225 спортшы қатысады деп күтілуде.

Ұлттық спорт жарыстарын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК ұйымдастырады.

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...