Вице-премьер Қанат Бозымбаев, BI Group холдингінің акционері және директорлар кеңесінің төрағасы Айд...
20 жастағы жігітті 9-сынып оқитын қыз өлтіріп қойған
Фото: freepik
1372
Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Ленгір қаласында адам өліміне қатысты қылмыстық оқиға тіркелді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
24 мамыр күні қаладағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен жасы жиырмадан асқан ер адамның мәйіті табылғаны хабарланды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қылмысқа күдік ретінде 9-сыныпты аяқтаған жасөспірім қыз қарастырылып жатыр.
Айтуларынша, ол Төлеби ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №16 мектептің оқушысы болған.
Бұл ақпаратты аудандық білім бөлімі растаған. Ал Түркістан облыстық полиция департаменті әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.