Шіркеуде теракт болды: қаза тапқандар бар

Фото: t.me/newsarmenia

ЖАҢАЛЫҚТАР
1668

Сирия астанасы Дамаскінің Аль-Дувайла ауданында орналасқан Мар Элиас грек православ шіркеуінде теракт болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Syrian Coast Monitor тілшісіне сілтеме жасап.

Жергілікті қауіпсіздік органдарының мәліметінше, кемінде 15 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жарақат алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, террорист діни рәсім кезінде өзін жарып жіберген. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдем көліктері мен қауіпсіздік күштері жетіп, зардап шеккендерді эвакуациялап, ауданды қоршауға алды.

Қазіргі уақытта терактіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, ал билік өкілдері азаматтарды Аль-Дувайла ауданынан аулақ болуға шақырады. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда күтіліп отырған аптап ыстыққа байланысты тұрғындарды күн өт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында Астана – Петропавл тас жолында болған жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты...