Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылындағы мектептердің бірінің 11 оқушысы бірдей диагнозбен бір мезетт...
Халықаралық фотоқауымдастықтың алғашқы төрағасы болып қазақ азаматы сайланды
Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz
Өткен аптада Мажарстанда ұйымдастырылған Түркі әлемі фотосуретшілерінің 20-фотокездесуі табысты аяқталды.
Аталған халықаралық шараны ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының ұйытқы болуымен Лакителек халық мектебі қоры (Мажарстан) ұйымдастырып өткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Шараның басты мақсаты түркі халықтары мен мажарлар арасындағы мәдени байланысты одан әрі нығайту және түркі дүниесінің бай мәдениетін барша әлемге фотоөнер арқылы насихаттау.
Кездесу аясындағы ең басты шаралардың бірі – ТҮРКСОЙ ұйымының жанынан құрылып жатқан Түркі әлемі фотосуретшілері қауымдастығының ІІ Құрылтайы болды.
Құрылтай барысында Түркі әлемі фотосуретшілері қауымдастығының Жарғысы ресми түрде қабылданып, ұйымның негізгі жұмыс бағыттары мен құрылымы айқындалды.
Жиынның басты жаңалығы – қауымдастықтың алғашқы төрағасы болып Қазақстанның кәсіби фотосуретшісі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұстаз-ғалымы Асылхан Әбдірайымның сайлануы болды. Осылайша, қазақстандық фотограф халықаралық деңгейдегі жаңа ұйымның алғашқы басшысы атанды.
Сонымен қатар, халықаралық ұйымның штаб-пәтері Алматы қаласында орналасатыны туралы келісім жасалды.