1 маусым Балаларды қорғау күніне орай Триатлон саябағында «Charity Samruk Marathon &ndas...
Пәкістан Ауғанстандағы тәліптерге соғыс ашты
Фото: freepik.com
908
Ауғанстан Пәкістанға қарсы ауқымды әскери операция бастады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы Ауғанстан үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Муджахид хабарлады. Сөзінше, шабуыл жуырда Пәкістан тарапынан болған соққыларға қарымта жауап ретінде басталған. Пәкістанның екі шекара бекеті бақылауға алынғаны айтылды. Исламабад әзірге ресми түсініктеме бермеді.
22 ақпан күні Пәкістанның ақпарат министрлігі қарулы күштердің Ауғанстанмен шекара маңындағы 7 «лаңкестік лагерьге» соққы жасағанын хабарлады. Ауған Қызыл Жарты Ай қоғамының дерегінше, шабуыл салдарынан 18 адам қаза тауып, көптеген адам жараланды.