11 қыркүйекте елордадағы Қазмедиа орталығында Astana Media Week 2019 медиа – аптаның аясында &...
Алматыда 4 аптадан кейін табылған жасөспірімнің алаяқтыққа қатысы бар болып шықты
Фото: әлеуметтік желіден
2093
Алматыда 4 аптадан кейін табылған жасөспірімнің алаяқтыққа қатысы бар болып шықты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ stankz-ке сілтеме жасап.
Мұны Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеді. Ақпарат тексеріс барысында анықталған. Полиция оның кәмелетке толмағанын ескеріп, үйқамақта ұстау шарасын қолданған. Алайда, ол бұл шараны бұзып, жасырынған. Кейін сот санкциясы өзгертіліп, қамауға алу туралы шешім қабылданды.
Ал жасөспірімнің ұрлану дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр екен. Жасөспірімнен дене жарақаттары анықталмаған. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.
Бұған дейін анасы баланы белгісіз үш ер адам ұрлап кетті деп хабарлаған еді.